2013 жылы Қазақстанның ауыл аймақтарында 101 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Бұл туралы аймақтық дамыту вице-министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Осы мақсатта республикалық бюджеттен 17,3 млрд теңге қаралды, деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында атап өтті.
Биылғы жылы білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мемлекет ауылдық жерлерде жалпы сомасы 27,4 млрд теңгеге 85 білім беру нысанын оның ішінде 63 мектеп, 17 балабақша, 4 бейінді техникалық лицей салу және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
С.Жұманғариннің айтуынша, "Ақ бұлақ" бағдарламасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту шеңберінде 34,4 млрд теңгеге 168 сумен қамту нысанын салу және қалпына келтіру, 2,5 млрд тенгеге 14 елді мекенді газбен қамту қаралған.
Жалпы 2013-2016 жылдары аталмыш бағдарлама аясында 373,2 млрд теңге бөлу қарастырылған.
Оның айтуынша, 2013-2020 жылдары АПК дамыту жөнінде бекітілген "Агробизнес-2020" бағдарламасында ауылшаруашылық өнімін өндіру мөлшерін 1,5 есеге арттыру, саланы дамыту үшін 10 трлн теңгеден астам жеке қаржы тарту қаралған.