Н. Назарбаев жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдады

Н. Назарбаев жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдады

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдады.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Словакия Республикасының елшісі Петер Юза, Грузия елшісі Зураб Патарадзе, Монғол елшісі Жагир Сухээ, Қытай Халық Республикасының елшісі Лэ Юйчэн, Финляндия елшісі Илкка Унто Калерво Райсанен Сенім грамоталарын табыстады.

«Құрметті мырзалар! Сіздерді Ақордада көргеніме қуаныштымын. Ең алдымен, Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларының қызметкерлері болып тағайындалуларыңызбен шын жүрегіммен құттықтаймын. Сіздердің қызметтеріңіз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ынтымақтастық әлеуетті барынша арттыруға бағытталған деп санаймын», — деді ҚР Президенті Сенім грамотасын қабылдау рәсімінен кейін.