Ұсталған ағайындылардың бірі 1972 жылы, екіншісі 1982 жылы туған. Олар өздерінің бұл іске үлкен ағасының балаларының біріне ота жасауға ақша қажет болғандықтан барғандарын айтты.
Жалпы есеп бойынша, ұсталғандар 60 бас қара малды ұрлаған. Ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
ҚР ҚК 175-бабы «Аса ірі көлемде ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.