Әблязовтың қос бірдей бизнесі Қазақстанға кері қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әблязовтың қос бірдей бизнесі Қазақстанға кері қайтарылды

Әблязовтың қос бірдей бизнесі Қазақстанға кері қайтарылды

Қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің қалтасы тағы жұқарды. Бұл жолы украиндық белді бизнесмен Сергей Тищенко мен қазақстандық құқық қорғау орындары Әблязовтың қос бірдей бизнесін кері қайтарды. Жалпы сомасы 250 млн доллар.

  • 11 Қазан 2013
  • 321
Фото - Caravan.kz


Франция абақтысындағы экс-банкирге жығылған үстіне жұдырық болған бұл жайтты алдымен бизнестегі үзеңгілесі Тищенко бастаған. Украиналық кәсіпкер мен Әблязов 2007 жылы Ресейдің Новосібір қаласының әуежайы жанында қойма ашқан екен. Жалпы аумағы 806 шаршы метр. Одан бөлек, Екатеринбург қаласында аумағы 280 мың шаршы метрлік қоймада Әблязовтың иелігінен кетті. Бұл екеуінің активтері енді Қазақстанға тиесілі. Естеріңзіге салсақ, БТА Банкі салымшыларының миллиардтаған қаржысын қымқырған Әблязов шілдеде Францияда құрықталған. Оның кепіл ақшамен босату туралы өтінішін сот осы айдың басында қарап, кері қайтарған болатын.