Үйлері өртенген 6 отбасы оралмандарды бейімдеу орталығынан қуылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйлері өртенген 6 отбасы оралмандарды бейімдеу орталығынан қуылып жатыр

Үйлері өртенген 6 отбасы оралмандарды бейімдеу орталығынан қуылып жатыр

Ақтауда 6 отбасының далада қалу қаупі бар! Былтыр қақаған қыста тұрғындардың үйін қызыл жалын шарпып, жермен-жексен еткен болатын. Жалғыз баспаналарынан айырылған оларды әкімдік оралмандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырып, жәрдемдесуге уәде еткен. Алайда арада 8 ай өтсе де төбе көрсеткен бір шенеунік жоқ. Қайта уақытша деп берген басқалқаларынан күшпен қууға кірісіпті.

  • 11 Қазан 2013
  • 321
Фото - Caravan.kz

8 ай бойы оралмандардың бейімдеу орталығын пана еткен 6 отбасы осылайша бір сәтте далада қалды. Мекемеге жақында жаңа басшы тағайындалған екен. Директор келе сала әкімдіктің орналастырып кеткен адамдарын қууға кірісіпті.

— Какой ремонт я могу сделать, на свои деньги?

—  Вам дали деньги вот и работайте!

Басшы қанша әңгіртаяқ ойнатқанымен, бұлардың баратын жері жоқ. Өйткені, «жәрдемдесеміз» деп уәде еткен әкімдік көмек тұрмақ, бүгін де қарасын көрсете қоймады. Ал «жөндеу жұмыстары жүріп жатыр» деген үйдің сыйқы мынау.

— Да я лучше останусь, и не буду выходитьи все. Посмотрите, куда мы заедим? Мы же здесь замерзнем, окоченеем.

Десе де, күлге айналған шаңырағын алғаш болып қалыпқа келтірген Сатыбалдиевтар отбасы бұл. Алпысты алқымдаған қария 6 баласы, немерелерімен қоса амалдың жоғынан көшуге тура келгенін айтады. Енді кәріз құбыры жалғанбаған, кіреберісі де ретке келмеген жерде жүруге мәжбүр. 


Сүйінбай Сатыбалдиев, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Амал жоқ енді, баратын жер жоқ қой. Сосын істедік қой. Несие алмасақ болмады, баламның атынан. Ешкім ештеңемен көмектеспеді. Есік, бәрін өзім сатып алдым.

Өртенген үйін жөндеу үшін көпбалалы отбасы 1 жарым млн. теңге несие де алған. Бірақ оның өзі жетпей тұрған көрінеді. Әлі жөндеуді қажет ететін шаруасы көп. Қарияның кебін киген тағы 5 көршісі болса, бейімдеу орталығында уақытша болса да қалдыра тұруды сұрайды. Бірақ бұған жаңа басшы келіскен жоқ.

Бисет Боранбай, Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығының директоры:

—  Оралмандар орталығы тек оралмандарға арналған. Ал бұл кісілердің үйі өртенген. Қазақстан азаматы, үйлері өртенген ақшаларын алды. 8 ай болды, үйлерін жасап шығу керек.

Осылай деп заңды тілге тиек еткен директор барлығын көшірмей тынбайтынын жеткізді. Қажет болса, күштеп те шығармақ.