Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әйелін ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әйелін ұрып өлтірді

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әйелін ұрып өлтірді

Жамбыл облысында ішімдікке сылқия тойған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әйелін ұрып өлтірген. Адал жарына айуандық жасаған 30 жастағы азамат қазір қамауға алынды.  

  • 11 Қазан 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz


Жаға ұстатарлық жағдай Талас ауданы Ақкөл ауылында болған. Ерлі-зайыптылар облыс орталығындағы тойға барса керек. Қонақтан үйге оралған соң екеуінің арасында дау туған. Қызғаныштан басталған жанжал соңы әйеліне қол көтерумен аяқталыпты. Қатты соққыдан 24 жастағы келіншек жатқан орынан тұра алмаған. Оның үш қабырғасы сынып, миына қан құйылған. Маскүнем ұстаз әйелінің бақилық болғанын тек ертеңінде біліпті.