Қайрат Келімбетов: «Теңге құнын жоғалтпайды!» - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайрат Келімбетов: «Теңге құнын жоғалтпайды!»

Қайрат Келімбетов: «Теңге құнын жоғалтпайды!»

Бүгін Сенат депутаттарының батасын алған Ұлттық банктің жаңа басшысы Қайрат Келімбетов осындай ресми мәлімдеме жасады. Қаржы нарығындағы жағдай қалыпты деген бас банкир алаңдауға еш негіз жоқ деп сендіріп отыр.Ұлттық банкке басшы болып тағайындалғанына 10 күн өтсе де, Келімбетов тілшілерден қашқалақтап жүр еді. Бүгін керісінше, кандидатурасын Сенат бірауыздан мақұлдап бергесін бе, шенеуніктің көңіл-күйі көтеріңкі. Сұхбат беруге өзі келді.

  • 11 Қазан 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

Келімбетовті Ұлттық банк төрағасы ретінде бүгін алғаш рет Сенатқа Президент Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов ертіп келді. Жоғарғы палатаның 40 депутаты да президенттің өзі тағайындаған төрағаға бірді-екілі ұсыныс-пікірілерін айтқаны болмаса, бірауыздан қолдап дауыс берді.

— Шешім қабылданды! Қайрат Нематұлы, жаңа лауазымға тағайындалғаныңызбен құттықтаймыз! Елбасының және Сенаттың сенімін ақтап, өте жауапты қызметті абыройлы атқарады деп сенеміз!

Сенаторлар Қайрат Келімбетовке көп үміт артып отыр. Алдыңғы әріптесі Григорий Марченко бұл мінберге көп келе бермейтін еді. Ал жаңа басшының тілшілер алдындағы алғашқы мәлімдемесі теңге бағамына қатысты болды. Марченко кеткелі ел арасында гулеп тұрған девальвацияға қатысты әңгімені Келімбетов бірден жоққа шығарды. Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты деген бас банкир алаңдауға еш негіз жоқ деп сендірді.


Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

— Ұлттық валютаның саясатында ешқандай өзгеріс болмайды. Сондықтан қазіргі біздің валюта ахуалда еш проблема жоқ. Ұлттық банк өз саясатын одан әрі жалгастырады. Ұлттық Банктің саясаты  —  Ұлттық Банк  заңына сәйкес макроэкономиканы тұрақтандыру. Инфляциының көрсеткіші 6 мен 8 пайыз арасында жоспарланған.

Әдетте журналистерден ат-тондарын ала қашатын шенеунік бүгін ерекше көңіл-күйде, сұхбат беруге өзі ынта білдірді.

Жаңа бас банкирдің аузынан теңге құнсызданбайды деген сөз естіген  сенаторлар жібіп сала берді. Сондай-ақ Келімбетов Ұлттық банктің бас кеңсесі Алматыдан Астанаға ауысады екен деген қауесетті де жоққа шығарды. Банк саласына әзірге оңтүстік астанада отырып-ақ жетекшілік ете бермек.