Түркия Президенті биыл қажылық парызын өтемек - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Президенті биыл қажылық парызын өтемек

Түркия Президенті биыл қажылық парызын өтемек

Түркия Президенті Абдулла Гүл осы жылы миллиондаған мұсылман жамағатының қатарына қосылып қажылық жасамақ. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

  • 11 Қазан 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, Түркия Басшысы Сауд Арабиясына келесі аптада келеді деп күтілуде. Бұл президент Абдулла Гүлдің бірінші қажылығы емес, Джидда қаласында Ислам даму банкінде экономист болып қызмет атқарып жүрген кезінде де бірнеше рет қажылық жасаған болатын.


Сонымен қатар, Asharq Al-Awsat ақпарат орталығының мәлімдеуінше, Иран президенті Хассан Раухани да қажылық парызын өтемекші.

Осы ретте, көптеген елбасылардың жыл сайын Сауд Арабиясы Королінің қонағы ретінде қажылық жасайтынын айта кету керек.