Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары қайта тоқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары қайта тоқтады

Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары қайта тоқтады

Қашағандағы мұнай өндіру жұмыстары қайта тоқтады. Бұл жолғы апат та техникалық ақаулықтарға байланысты. Жоспарлы тексеріс барысында «Д» аралынан «Болашақ» зауытына тартылған құбырдан газ шыққаны белгілі болып, өндіріс уақытша тоқтатылған.

  • 12 Қазан 2013
  • 244
Фото - Caravan.kz


Компания қызметкерлері ақауды жою үшін апатты аймақтағы құбырларда қысымды төмендетіп, азот арқылы ауаны тазалауға кірісіпті. Жөндеу жұмыстары бүгін басталған. Айта кетерлігі, Қашаған 11 қыркүйекте ғана қолданысқа беріліп, арада 13 күн өткен соң бірінші апат тіркелген еді. Бүгін дәл сондай себеппен өндіріс осымен екінші рет өз жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатып отыр.