Үкімет қаулысымен фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет қаулысымен фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгіленді

Үкімет қаулысымен фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгіленді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы №1087 қаулысымен «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгерістер енгізілді.

  • 12 Қазан 2013
  • 470
Фото - Caravan.kz

 ***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысы

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат; 2010 ж., № 25-26, 189-құжат; 2012 ж., № 35, 466-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

І-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«1. 20 (жиырма) фильтрлі сигаретке:

1) 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін бір жүз отыз мың теңге мөлшерінде;

2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жүз елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күн­тіз­белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.АХМЕТОВ.