12 қазанға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 қазанға арналған ауа райы болжамы

12 қазанға арналған ауа райы болжамы

2013 жылғы 10 қазандағы «Қазгидромет» РМК дауылдық ескертуі сақталады: 11-12 қазанда түнде Жамбыл облысында, 11-13 қазанда Алматы облысында 0-2 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде.

  • 12 Қазан 2013
  • 487
Фото - Caravan.kz

Ертең республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Тек республиканың шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал, жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.


Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын күндерде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.