Астанада хакерлер жарысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада хакерлер жарысы басталды

Астанада хакерлер жарысы басталды

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрек ғимаратында «Astana Hackathon» атты IT-жобаларының жарысы басталды.

  • 12 Қазан 2013
  • 464
Фото - Caravan.kz

Hackathon (hack+marathon), яғни хакерлер марафоны барысында қатысушылар 24 сағаттың ішінде ақпараттық технологиялар саласында белгілі бір жобаны ұсынып, іске асыруы шарт. Биылғы жарыстың сыйақы қоры — 1 млн. теңге. Оның 500 мыңы — бірінші орынға, 300 мың — екінші орынға, ал 200 мың теңгесі үшінші орынға тағайындалып отыр. «Қазіргі кезде жарысқа қатысу үшін 120-дан астам адам өтініш білдірді. Жобалардың нақты саны айту қиын. Себебі әлі де өтініш беріп, қатысуға болады. Жалпы, біз Smart Astana бастамасы аясындағы үздік жобаларға қолдау жасауды көздейміз», — дейді жарыстың ұйымдастырушысы «Астана Innovations» АҚ бас менджері Батырбек Дәуітбаев.

Айта кетейік, жарыстың жеңімпаздары ертең, 13 қазан күні кешқұрым анықталады.

Бүгін Астанада басталған «Astana Hackathon» атты IT-жобалардың жарысы аясында қазақ тілді үш жобаға қосымша сыйақының берілетіні туралы жарияланды.


Сыйақының құрылтайшысы — «C.A.P.» талдау және болжау орталығы» қоғамдық қоры. Оның жалпы көлемі 300 мың теңгені құрап отыр. Ақшалай сыйлық «IT-бастамаларды қолдаймыз» бастамасы аясында мемлекеттік тілді дамытуды көздейтін үш жоба үшін берілмек. Негізгі мақсат — ақпараттық технологиялар саласында қазақ тілді жастардың белсенділігін арттыру. Осыған орай, www.startupkoldau.kz веб-порталы да ашылған болатын. Онда жас кәсіпкерлер өз идеясын жинақтап, жарыққа шығару бойынша тиісті кеңестер ала алады. Сондай-ақ аталған порталдан хостинг алуға мүмкіндік бар.