Шақырту түскен бойда алғашқы өрт сөндіру көлігі 3 минуттан соң жетті. Тұрғынүй кешеніндегі от әл бермегендіктен оқиға орнына тағы 50 өрт сөндіруші мен 16 техника тартылған. Осы аралықта тілсіз жау 400 шаршы метр аумақты күлге айналдырып үлгерген болатын. Жанған — ғимараттың сыртқы жабындысы. Болжам бойынша, дәнекерлеу жұмыстары кезінде ұшқын шашыраған. Салғырттықтың соңы мол шығынға батырып отыр. «101» қызметінің аяқ-асты ширақ қимылдауы бекер емес екен. Бірнеше ай бұрын осы тұрғынүй кешенінде өрт сөндірушілер тікұшаққа дейін пайдаланып ауқымды жаттығу өткізген-ді. Сол әзірлік әсер етсе керек, жалынды жарты сағатта ауыздықтады.