Өле-өлгенінше мешіт құрылысына қарсы болған жазушы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өле-өлгенінше мешіт құрылысына қарсы болған жазушы

Өле-өлгенінше мешіт құрылысына қарсы болған жазушы

Өткен жұмада талай жылға созылған айтыс-тартыстан соң Италияның Тоскани аймағында мұсылмандардың тағы бір құлшылық үйі бой көтерді. Мұсылмандар құлшылық ететін мешіттен бөлек онда мәдени-діни орталық та жұмыс істейтін болады.

  • 30 Қазан 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мешіт құрылысы төңірегінде дау талай жылға созылып, тек биылғы жылы ғана өз шешімін тапты. Бір қызығы, жергілікті жазушы Ориана Фаллачи бұл мешіттің бой көтеруіне өле-өлгенінше қарсылық танытып, наразылық білдірумен болған еді. «Мен бұл мешітті көргім де келмейді. Ол Тосканидегі менің үйіме жақын орналасқан. Туған өлкемде отырып, биіктігі 24 метрге жететін мешіт мұнарасын көргім келмейді. Өйткені, мұсылман елдерінде айшықты да, Інжілді де өзіңмен бірге алып жүре алмайсың»,- деп төндіре сөйлеп, жала жауып, бұл мешітті жарып жіберетінін айтып, сес көрсеткен еді6 деп жазады muslim.kz.

Құдай үйінің құрылысына үзілді-кесілді қарсы болған Фаллачи 2006 жылы бұл өмірмен қоштасып, бақиға аттанды. Көрер жарығы таусылмағанда оның бұл жаңалықты қалай қарсы аларын кім білсін?!

Өздеріне көсем санап, көрнекі тұлғаның қатарына қосқан жазушысымақ әйелдің арандатуға бастайтын сөздеріне арқаланған жергілікті тұрғындар жауыздықтың қандай түріне болса да дайын еді. Дегенмен, түрлі қастандықтарға қарамастан, Колле Вал д'Эльза қалашығында бүгінде мешіт мұнаралары менмұндалап тұр. Мешіт тұрғызылған аумақты жергілікті мұсылмандар жамағаты 99 жылға жалға алған. Оның ашылу салтанатына наным-сенімі өзге жергілікті тұрғындардың бәрі шақырылды.


«Бұл орын — бейбітшілік символына айналуы тиіс»,- дейді жергілікті мұсылмандар жамағатының жетекшісі Ферас Жабарин.