Жас хакер үкімет сайтын бұзды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас хакер үкімет сайтын бұзды

Жас хакер үкімет сайтын бұзды

Торонтода Anonymous танымал хакерлер тобының 12 жастағы хакеріне қатысты іс қаралуда. Бесінші сынып оқушысы компьютер ойындары үшін үкімет сайттарын бұзып отырған, деп хабарлады «Toronto Sun» газеті.

  • 30 Қазан 2013
  • 309
Фото - Caravan.kz

Жас хакер үкіметке 60 мың долларға жуық залал келтірген. Ол Монреаль полициясының, Квебек қоғамдық денсаулық институтының, сонымен бірге Чили үкіметі сайттарының кілтін тауып ашып үлгерген. Сонымен қатар, оқушының құпия ақпараттарға кіру жолдарын да меңгергендігі анықталды.

Еске сала кетейік, Anonymous — ғаламтордың толықтай еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресетін компьютер бұзушылардың ұйымы.