Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкер пара алу үстінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкер пара алу үстінде ұсталды

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкер пара алу үстінде ұсталды

2013 жылғы қазанда Қарағанды облысының Қаржы полициясы департаментіне жеке кәсіпорынның директоры Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы Е.Тоқмұрзиннің одан пара бопсалауы фактісі туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 30 Қазан 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz

2013 жылғы 22 қазанда жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шараларының барысында Тоқмұрзинның кәсіпорынды тексеру бойынша оң шешім шығару үшін және 2-ші санаттағы құрылыс лицензиясын беруі үшін кәсіпкерден 4,5 мың АҚШ долларын бопсалау фактісі бекітілді.

25 қазанда Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Тоқмұрзинді оның қызметтік кабинетінде 420 мың теңге және 200 АҚШ доллары көлемінде пара алуы үстінде ұстады.


Осы күні оған қатысты бопсалау арқылы пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 қазанда Тоқмұрзинге аталған бап бойынша айып тағылып, ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған қылмысты жасауға Қарағанды облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басқа да лауазымды тұлғаларының қатыстылығы тексерілуде.