Дәрі-дәрмектің сапасы емес, оны тиімді пайдалану өзекті мәселе - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрі-дәрмектің сапасы емес, оны тиімді пайдалану өзекті мәселе

Дәрі-дәрмектің сапасы емес, оны тиімді пайдалану өзекті мәселе

 Еліміздегі мемлекеттік тізімде тіркелген дәрі-дәрмектердің саны қазір 7,5 мыңнан асып отыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Адам және дәрі-дәрмек - Қазақстан» деп аталатын VI халықаралық конгресте айтылды.

  • 30 Қазан 2013
  • 669
Фото - Caravan.kz


«Дәстүрлі түрде жыл сайын болатын бұл конгресс биыл «Диагностика және ішкі ауруларды емдеудің көкейкесті мәселелері» деген тақырыппен өтіп жатыр. Оған Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты, ҚР Клиникалық фармакологтары мен фармацевтерінің кәсіби қауымдастығы, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, ҚР Фармацевтикалық фирмалар қауымдастығы қолдау көрсетіп отыр. Төрт мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отырған бұл конгресте дәрі-дәрмекті тиімді қолданудың ең өзекті мәселелері талқыланатын болады», — дейді конгрестің құрметті президенті, ҚР ҰҒА академигі Раиса Салмағамбетова. Әйгілі ғалымның айтуынша, қазір әлемде дәрі-дәрмектердің белсенді жаңа топтары қалыптасуда. Сонымен бірге оларды тиімді қолдану өзекті мәселеге айналуда. Көптеген адамдар ауырса дәріханадан дәрі-дәрмекті сатып алып, дәрігердің нұсқауынсыз өз бетімен емделуге тырысады. Өз бетімен емделу кезінде адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі болу керек.