Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар әлеуметтік көмек алуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар әлеуметтік көмек алуы мүмкін

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар әлеуметтік көмек алуы мүмкін

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

  • 30 Қазан 2013
  • 559
Фото - Caravan.kz

Тоқтала кететін жайт, аталған заң жобасына палата депутаттары бастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте құжат бойынша «отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас» ұғымы нақтыланып, соттардың шешімін әдейі қастықпен орындамай қоюға жауапкершілік енгізіледі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. «Өзгерістер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлға мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушінің бір ғимаратта бірге тұруына тыйым салу ұсынылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғаларды әлеуметтік көмек алатын қиын жағдайда тап болғандар санатына жатқызу да қарастырылып отыр», — дейді депутат Светлана Бычкова.


Жалпы, заң жобасымен Қылмыстық, Бюджет кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, сонымен қатар, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.