Зейнеткерлерді сан соқтырып, ақшаларын қалтасына басқан алаяқ қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнеткерлерді сан соқтырып, ақшаларын қалтасына басқан алаяқ қолға түсті

Зейнеткерлерді сан соқтырып, ақшаларын қалтасына басқан алаяқ қолға түсті

Шығыс Қазақстанда зейнеткерлерді сан соқтырып, ақшаларын қалтасына басқан алаяқ қолға түсті. Өзін Германиядан келдім деп таныстырған азамат Қостанай қаласының тұрғыны болып шықты.

  • 31 Қазан 2013
  • 273
Фото - Caravan.kz


Бесқарағай ауданының қос ауылын аралаған 61 жастағы күдікті Германияда туыстары бар қарттарға әдейі бас сұққан. Оларды «шетелдегі жақындарыңнан базарлық бар, бірақ оны кеден бекетінен алып шығу үшін ақша керек»,- деп алдап, қариялардың соңғы ақшасын сыпырып алыпты. Аңғал зейнеткерлердің бірі алаяққа 20 мыңын, енді бірі 40 мың теңгесін өз қолымен ұстатқан. Ал қылмыскер сол кеткеннен мол кетіп, Қостанайдан бірақ шыққан көрінеді. Зейнеткерлерді сәлемдеме әкеп берем деп сеңделткен алаяқ қолға түскенде жәбірленушілер оны жазбай таныды.