Сирек кездесетін дертке душар болған 8 жасар қыз көмекке зәру - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирек кездесетін дертке душар болған 8 жасар қыз көмекке зәру

Сирек кездесетін дертке душар болған 8 жасар қыз көмекке зәру

Семейде 8 жасар қыз сирек кездесетін дертке душар болды. Ксения есімді бүлдіршіннің шашы жарты айдың ішінде түгел түсіп қалған.

  • 6 Қараша 2013
  • 259
Фото - Caravan.kz

Туғанынан денсаулығында еш ақау болмаған қыздың небәрі 3 жұманың ішінде қасынан да, кірпігінен де түк қалмапты. Абдыраған анасы дәрігерлерден көмек сұрағанымен ақ халаттылар бұған дәрменсіз болып шықты. Іргелес Ресейден бір қайыр болар деп үміттенгенімен, ол жақтағылар да көмектесе алмаған. Ендігі үміті неміс дәрігерлерінде. Алайда Германияда  тек тексеру жұмыстарының өзіне 3 мың Еуро сұрапты. Өзі сал ауруына шалдыққан жалғазбасты ананың енді көмек беретін жомарт жандарға күні түсіп отыр. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі тиісті квотаны бөлуге асығар емес.8-777-160-46-94


Ирина Лейман, Ксенияның анасы:

— Министрлікке барғанымда менің қызымды шетелге жібере алмайтындарын айтты. Түсінгенім, онда өмірі қыл үстінде тұрғандар ғана бара алады екен. Қанша өтінсем де нақты шара қолданылмай жатыр.