"Ұлттық құрылтай "Қалаулымға" айналып кетпесін": Қоғам белсендісі Аша Матай мен Тамара Асардың депутаттыққа үміткер болуы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлттық құрылтай "Қалаулымға" айналып кетпесін": Қоғам белсендісі Аша Матай мен Тамара Асардың депутаттыққа үміткер болуы туралы

"Ұлттық құрылтай "Қалаулымға" айналып кетпесін": Қоғам белсендісі Аша Матай мен Тамара Асардың депутаттыққа үміткер болуы туралы

Бірқатар өнер иелерінің депутаттыққа үміткер болуы қоғамда қызу пікірталас тудырып отыр.

  • 13 Шiлде
  • 17
Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Елдос Тоқтарбай өз пікірін желіденгі парақшасында білдірді.

«Ұлттық Құрылтай «Қалаулымға» айналып кетпесе екен. Түрлі кандидаттардың тізімін көріп жатырмыз. Масқара! Өткен 30 жылда жазылған Конституция негізінде, шоумен, әнші, блогер дегендер отырғалы жатыр. \

Екі ауыз сөздің басын қоса алмай, саясат дегеннің «с» деген әрпін білмейтіндер отыр. Енді Жаңа Конституция құрылған екен. Жаңа конституция негізінде Құрылтай жасақталады екен. Халық үміт бар деп отырған кезде, халықтың сенімімен ойнауға болмайды ғой. Достығында адам көп деп, немене Аша Матайларды Парламентке апарып отырғызу керек пе?

Неге біздің Парламент, кәсіби заң шығаратын орган болмайды? Ол жерде блогер, әнші-пәнішлер не істейді? 30 жыл шоуға тойып болдық қой? Тып-тыныш тұрған Конституциямызды ауыстырып, жасаған жетістігіміз, көрер қызығымыз осы ма? Парламентке кім көрінген бармасын! Парламентке елді, жерді ойлайтын азаматтар барсын. Қазақтың тағдырымен бұлай ойнамаңыздар», — деді ол.