Оралда бірнеше айдан бері көк тиын көрмеген жұмысшылар наразылыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда бірнеше айдан бері көк тиын көрмеген жұмысшылар наразылыққа шықты

Оралда бірнеше айдан бері көк тиын көрмеген жұмысшылар наразылыққа шықты

Оралда су көліктерімен қалаға қажетті құрал-жабдық таситын жұмысшылар жалақы ала алмай пұшаймен хәлде жүр. Бірнеше ай бойы алақандарына бақыр тиын алмаған олар бүгін қиыршық тас пен сары құм жиналған қойманың алдына наразылықтарын білдірді.

  • 6 Қараша 2013
  • 335
Фото - Caravan.kz

“Флот” ЖШС бірнеше жылдан бері Оралға өзен үсті арқылы қиыршық тас пен құрылысқа қажетті құм тасымалдаумен айналысады. Бұл Батыс Қазақстанның шетке қол жаяр жалғыз тұсы болып тұр. Алайда дәл осы мәселені ақ адал еңбегімен жылы жабуға тырысқан жұмысшылар жылдап айлық алмай келеді екен. Қайта-қайта басшылары ауыса беріп құты қашқан ұжым бүгін қойманы түгел жауып құлыпты қалталарына салып қарсылыққа шықты. 20 адамның отбасыларына көк тиын апармағанына жылға жуықтаған. Оған дейін жалақылары тек жартылай төленіп келіпті. Серіктестіктің жұмысшылар алдындағы жалпы қарызы миллиондап жиналған. Алайда басшылық тек құрғақ уәде берумен келеді екен.


Николай Горшунов, теплоход капитаны:

— Басшылық бізді адам құрлы көрмейді. Үнемі күн көру үшін ақшаны қайдан тапсақ, кімнен сұрасақ деп жүреміз. Жалақы төлемейді, сонда отбасымызды қалай асыраймыз?