Мемлекеттік бағдарлама бойынша грант ұтып алған кәсіпкерлер қаржыларын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік бағдарлама бойынша грант ұтып алған кәсіпкерлер қаржыларын ала алмай жүр

Мемлекеттік бағдарлама бойынша грант ұтып алған кәсіпкерлер қаржыларын ала алмай жүр

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша грант ұтып алған кәсіпкерлер тиісті ақшасын ала алмай сандалып  жүр. Бағдарламаны жүзеге асыратын әкімдік әлі сөзбұйдаға салуда. Өз идеясын жүзеге асырып, өзін ғана емес өзгелерді де жұмыспен жарылқауға талпынған кәсіпкерлердің жуық арада бұл қаражатты қолдарына алатын түрі жоқ. Облыстың түкпір түкпіріндегі мемлекет бағдарламасының шарапатын көреміз деген кәсіп иелері енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. 

  • 6 Қараша 2013
  • 396
Фото - Caravan.kz

Мейрамгүл Қожабаева Есіл ауданынан келіп, бағдарламаға өз жобасын ұсынған. Бірақ оның қоқыс қалдықтары мен мал қиынан, тіпті жапырақтан отын жасаймын деген ойы сол арман күйінде қалатын сыңайлы. Кәсіпкердің идеясын арнайы комиссия қолдап, грант жеңіп алғанымен биыл берілуі тиіс мемлекет қаржысын алу қиямет қайымға айналған.

Мейрамгүл Қожабаева, кәсіпкер:

— Мен грантты жеңіп алғанда 12 миллион. Мен проектің бүкіл жағдайын орындадым. Ақшаны ала алмай жүрмін. Үкіметтің ақшасы беріле ме, берілмей ме, екіталай. Басқару басқармасына сол гранттан кейін 380 км жерден 10 шақты рет келдім. Хамитов мені қабылдамайды, қонақ үйдің адамдары сөйлескісі келмейді. Шаршадық.

Таңдауға түскен тағы бір инновацияалық жоба-эко демалыс. Яғни табиғат аясында балалар мен отбасының демалысын ұйымдастыру. Бұл жобаға 3 миллион теңге грант беру ұйғарылған. Бірақ бұл кәсіпкерлер де күтумен күн өткізіп жатыр.

Вадим Маслов, кәсіпкер:

— Үкіметтің қолдауымен туризмді дамытуды қолға алсақ па деп едік. Жоспарымыз үлкен. Бірақ, мына түсірімзбен келер жылы іске асыра алар ма екенбіз?!

Мемлекеттің кәсіпкерге жасаған қамқорлығын көруге облыстың түкпір- түкпірінен өтініш білдіргендер көп. Соның ішінен арнайы комиссия үздіктерін ғана таңдапты. Бір қызығы, гранттың жеңімпазы белгілі болғанымен, әліптің артын күткен шенеуніктер ақшаны ешкімге бермей сөзбұйдаға салған.


Теміржан Хамитов, Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы:

— Таратып беруге көп ақыл керегі жоқ. Ертең реніш болмасын, сөз болмасын деп кейбір жерлерде бір-бірімен комиссиялар келісе алмай неге ана кісінің жобасын өткізбедің, менікі неге өтпеді деген шаруалар туып жатыр. Содан кейін қарап, дұрыстап «құда да тиыш, құдағи да тиыш» деп кішкене сол созылып кетті.

«Кішкене созылды» деп отырғанда жыл аяқталуға да жақын. Ал көңілдері күпті болған кәсіпкерлер мемлекеттің уәделі ақшасын шенеуніктер енді біржола бермей қоюы да мүмкін деп алаңдап отыр.