Семейдегі орталық көшелердің бірінде 7 бірдей көлік соқтығысып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі орталық көшелердің бірінде 7 бірдей көлік соқтығысып қалды

Семейдегі орталық көшелердің бірінде 7 бірдей көлік соқтығысып қалды

Семейдегі орталық көшелердің бірінде 7 бірдей көлік соқтығысып қалды. Бірнеше машинаны оңдырмаған жол апатында абырой болғанда адам шығыны жоқ. 

  • 6 Қараша 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz


ВАЗ маркілі жеңіл машина жылдамдығын асырып, Камазды, кейін тағы бір автобус пен екі көлікті соққан. Соққының екпінімен қарсы бетке шығып кеткен машинаның біреуі қатар кетіп бара жатқан тағы екі көлікті қағыпты. Жол апатынан екі адам жарақаттанып, ауруханада жатыр. 20 жасар жүргізуші басынан ауыр жарақат алса, енді бірі жамбасын сындырыпты. Оқыс оқиға кешкісін болғандықтан біраз уақытқа дейін көшеде көлік кептелісін тудырған.