Арселор Митталдың бас кеңсесіндегі өрттен зардап шеккен кенші көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арселор Митталдың бас кеңсесіндегі өрттен зардап шеккен кенші көз жұмды

Арселор Митталдың бас кеңсесіндегі өрттен зардап шеккен кенші көз жұмды

Қарағандыдағы Арселор Миттал компаниясының бас кеңсесінде болған өрттен зардап шеккен мүгедек кенші ауруханада көз жұмды. Ем дом қабылдап беті бері қарап келе жатқан оның өліміне жүрекке қан құятын күре тамырдың кенеттен жарылып кетуі себеп болуы мүмкін дейді дәрігерлер.

  • 6 Қараша 2013
  • 265
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салсақ, 17 қазанда өтемақыларын талап еткен регрессшілердің бірі ғимаратқа алып кірген жанармай толы құтыны жағып жіберген еді. 3 адамды сол кезде күйік шалған. Олардың бірі шалбарының түгі қалмай жанып кеткен Борис Рахметов деген осы азамат болатын. Іле-шала мүгедектердің мәселесін үкімет май шаммен қарап, берешекті 1 ай ішінде сақтандыру компаниясы төлейді деп қадап айтқан. Қазір алғашқы төлемдер  беріле бастапты. Алайда денесінің 28 пайызы күйіп, кейін беті бері қараған Борис Рахметов ақыры аңсаған қаражатына қолы жетпей, кенеттен қаза болды.  


Василий Мокренко, Қарағанды облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

— Өзіміз де түсінбей қалдық. Дем арада қысылды да нашарлап кетті. Қолдан келген барлық реаниматциялық шараларды жасадық. Мұндай жағдай негізі өкпе күре тамырындағы тромб жарылғанда болды.