Бас прокуратура отандық энергия өндіретін кәсіпорындарды тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура отандық энергия өндіретін кәсіпорындарды тексеріп жатыр

Бас прокуратура отандық энергия өндіретін кәсіпорындарды тексеріп жатыр

Еліміздің Бас прокуратурасы отандық энергия өндіретін кәсіпорындарды тексеруде.

  • 6 Қараша 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда электр энергиясын өндіру 5 мың мВт-қа артқан. Бұл ел экономикасын индустрияландыру үдерісін қажетті энергиямен қамтамасы етуге мүмкіндік береді. «Біз өсіп келе жатқан тозу мен апаттылықты 12 пайызға төмендеттік», — деді ол.

Дегенмен, бұл салада кемшіліктердің де бар екендігін жасырмаған Ә.Исекешов: «Біз өткен жылы және биыл қаржы пайдалану тиімсіздіктері мен ескі құрал-жабдықтарды қолдану фактілерін анықтадық», — деді.


Министрдің атап өтуінше, қазіргі таңда еліміздің Бас прокуратурасы Бәсекелестік қорғау агенттігімен бірлесіп, жоғарыда аталған фактілер анықталған барлық электр өндіретін стансаларды тексеріп жатыр.