Ерген Дошаев:
—Өкілеттігімді мерзімінен бұрын тоқтатуым тек отбасылық жағдайыма байланысты.Жанұя- адам өміріндегі негізгі құндылық. Сондықтан шешімімді дұрыс түсінулеріңізді сұраймын.
Осылай деген халық қалаулысы қайда асыққаны белгісіз отырыс залынан дереу шығып кетті. Тіпті кабиенетіндегі жеке заттарын жинап үлгермеген екен. Айта кетсек, енді экс-депутат Ерген Дошаев 1999 жылы-ақ елге танымал болды. Ол кезде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған-ды. Лауазымын асыра пайдаланып жемқорлыққа жол бергені үшін оның аты-жөні президент баяндамасында аталған. Осы шудан соң аймақтың сол кездегі әкімі Аслан Мусин оны қызметінен алуға мәжбүр болды. Бірақ кейін дау ұмытылып, Дошаев билікке қайта оралды. Мусинмен бірге Атырауда, кейін Астанада лауазымды қызметтер атқарған ол былтыр ғана Мәжіліске депутат болып сайланған.