«Поэзия тербетеді жүрегімді, өлсем де өлеңімді айтып өтем» деп жырлаған ақын Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Саналы ғұмырын поэзияға арнаған Бекхожин «Орман қызы», «Әппақ-наме», «Кек» поэмаларын жазды. Өлеңдерінің әрқайсысы дәуірлік сипатқа ие. Поэзия майталманы Кенесары мен Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» поэмасы үшін кеңестік тұста қуғын көрді. Шығармалары жұтылып, кітаптарының шығуына тыйым салынды. Бұл сын сағатты да ақын табандылықпен жеңіп, шығармашылықтан қол үзген жоқ. Сол еңбектері бүгінде өлмес туындыға айналды. Қалижан Бекхожиннің адамдағы мен азаматтыға да елдің аузында.
Марфуға Айтқожина, ақын:
— Өзінің қасында жүрген өзінің соңынан ерген ақын-жазушыларға деген тілегі, ниеті, ықыласы керемет адам болатын. Өте мәдениетті, өте кішіпейіл өте қамқор болатын.