"Машалла, иншалла сөздерін көп айтса, сауап көбірек жиналады": Санжар Керімбай ел арасында кең тараған пікірге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Машалла, иншалла сөздерін көп айтса, сауап көбірек жиналады": Санжар Керімбай ел арасында кең тараған пікірге жауап берді

"Машалла, иншалла сөздерін көп айтса, сауап көбірек жиналады": Санжар Керімбай ел арасында кең тараған пікірге жауап берді

Танымал қоғам қайраткері Санжар Керімбай ел арасында арабтың "машалла, иншалла" сөздерін айтса, сауап көп тиеді деген сауалына жауап берді.

  • 10 Шiлде
  • 1
Фото: Instagram/janar_baisemiz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы Санжар Керімбай журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Олардың бәрі құпия айтылуы керек. Сол үшін зікірдің екі түрі болады деп айтатыным сол, жария, құпия. Сіз құпия, оңашада айтатын нәрсені желіде айтып немесе жазып қойсаңыз, соңы құнсыздыққа алып келеді.

Сол үшін Мұсаның 10 өсиетінде оның атын қалай болса, солай айта бермеңдер деп айта беретіні сол. Мұндай ең құдыретті, ең қастерлі мұндай сөздерді ондай жерде айтуға болмайды.

Подкастқа шақыратын адамдардың бәрі не дейді, білесіз бе? «Мына халыққа айтсаңызшы, мына халыққа айтсаңызшы» деп қоймайды. Бірақ бірде біреуі мен осыны үйренгім келеді деп айтпапты.