Елімізде балалар қандай кітаптарды көп оқиды? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде балалар қандай кітаптарды көп оқиды?

Елімізде балалар қандай кітаптарды көп оқиды?

Жыл басынан бері Қазақстанда балалар әдебиетінің 200 мыңнан астам данасы сатылған.

  • 10 Шiлде
  • 3
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – Қазақстанның мәдени, білім беру және ақпараттық саясатындағы басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта елімізде кітапханаларды жаңғырту, кітап қорын толықтыру, баспа ісін дамыту және балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Бүгінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Кітапханалардың қорында 7 миллионнан астам кітап жинақталған. Ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады. 

Кітапханалардағы оқырман сұранысы балалар әдебиетіне деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғартады.

Жас оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары мыналар:

«Менің атым Қожа» – Бердібек Соқпақбаев;

«Жусан иісі» – Сайын Мұратбеков;

«Әке мен бала» – Ыбырай Алтынсарин;

«Балалық шаққа саяхат» – Бердібек Соқпақбаев;

«Көксерек» – Мұхтар Әуезов.

2026 жылы кітапханалар қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың жаңа кітаппен толықтыру жоспарланып отыр. Бұл жас оқырмандар үшін қазіргі заманғы және классикалық әдебиетпен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.

Балалар әдебиетіне деген қызығушылық кітапханалармен ғана шектелмейді. Жыл басынан бері кітап дүкендерінде балаларға арналған 200 мыңнан астам кітап сатылды.

Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтейді, сыни ойлау қабілетін дамытады, таным көкжиегін байытады, әрі ұлттық және әлем әдебиетіне қызығушылығын арттырады. Сондықтан кітап оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеу – елдің зияткерлік әрі рухани әлеуетін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі.