Семейдің шетіндегі ықшамаудан тұрғындары жанын шүберекке түйіп отыр. Әдетте көктем шыққанда ғана арнасынан асатын жерасты суы бұл жолы кенеттен көтеріліпті. Осының кесірінен жүзге жақын үйдің жертөлесін су басып кеткен.
Тамара Савельева, Семей қаласының тұрғыны:
Қазірден бастап арықты тазаламаса, көктемде бүкіл Шығыс ықшамауданын су басады. Біздің басқа барар жеріміз жоқ.
Жұрт өз қолымен суды шығарып амал қылса да, оның деңгейі түсер емес. Керісінше, күнен-күнге көтеріліп барады. Баспананың ішіндегі ылғалдың әсерінен үйлерді сыз басып, қабырғаларды көгере бастаған.
Міне, тарақандар өріп жүр…
— Жергілікті тұрғындар барлығына осы жерден өтетін жаңа құбырдың құрылысы себеп болғанын айтуда. Ықшамаудан айналасындағы арық жолы бітелен соң, су жер үйлерге жылжыған.
Бірнеше ықшамауданды басып өтетін жаңа құбыр құрылысы басталғанда тұрғындар бірден қарсылық білдірген. Алайда оған құлақ асқан жан болмапты.
Ирина Филатова, Семей қаласының тұрғыны:
— Біз әкімшілікке талай барғанбыз. Ондағылар, бұл «Мемлекеттік құрылыс, сіздер мұнда ештеңе шешпейсіңдер»,- деп шорт кесті! Бармыз ба, жоқпыз ба бәрібір сияқты.
Ақыры тексеру жүргізген мамандар мердігер мекеменің жұмысынан ақау тапқан. Оны қалыпқа келтіруді де тапсырыпты. Алайда, бұл сөз әзірге тек қағаз жүзінде қалыпты. Жұрт жайбасарлық танытқан жауаптылар қозғалғанша, баспананы су шайып кете ме деген үрей үстінде отыр.