Басшысы ауысқан Спорт Агенттігіне енді кикбоксингтен «қара белбеудің» иегері жетекшілік етпек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Басшысы ауысқан Спорт Агенттігіне  енді  кикбоксингтен «қара белбеудің» иегері жетекшілік етпек

Басшысы ауысқан Спорт Агенттігіне енді кикбоксингтен «қара белбеудің» иегері жетекшілік етпек

Бүгін күтпеген жерден Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов қызметінен алынды. Бір жылдың ішінде осымен үшінші рет басшылығы ауысқан ведомстваны енді 53 жастағы Тастанбек Есентаев басқарады.

  • 23 Қараша 2013
  • 370
Фото - Caravan.kz


Тастанбек Есентаевқа бұл мекеме таңсық емес. Осыған дейін ол төрағаның орынбасары болып қызмет атқарған. Елге еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбодан спорт шебері, сондай-ақ кикбоксингтен қара белбеудің иегері. Ал Агентікке ұзақ тұрақтай алмаған экс-төраға Ерлан Қожағапановтың орынтағынан не үшін алынғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда Қожағапанов  Астана қалалық әкімдігіне қайтып баруы мүмкін. Бұған дейін ол шаһар басшысы Иманғали Тасмағанбетовтың орынбасары болған-ды.