Елбасы Рига қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты ел Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Рига қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты ел Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Рига қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты ел Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшке Рига қаласындағы «Maxima» сауда орталығы төбесінің құлап түсуі салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 23 Қараша 2013
  • 438
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Латвия халқына қайғыларына ортақтастығын білдірді.