Қазақстанның медицина мекемелерінің өкілдері тағлымдамадан өту барысында Анкараның орталық ауруханаларында болып, онкологиялық және травматологиялық ауруларды анықтау, емдеу салаларындағы Түркия тәжірибесімен кеңінен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Қазақстан делегациясы ауруханалардың штаттық құрылымымен, ауруларды емдеудегі заманауи әдістермен, технологиялармен танысты.
Делегация Анкарада еліміздің Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевпен де кездесіп, онда Қазақстан-Түркия қарым-қатынасының қазіргі ахуалы, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы жайында мол мағлұмат алды. Оларға Қазақстанның Түркиядағы елшілігі шығарған түрік тіліндегі кітаптар, журналдар мен кітапшалар таратылды.
Тағлымдама аяқталғаннан кейін қазақстандық дәрігерлерге Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің және Түркия Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің сертификаттары табыс етіледі.