Омбыда бокстан Ресей құрамасының мүшесі өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбыда бокстан Ресей құрамасының мүшесі өлтірілді

Омбыда бокстан Ресей құрамасының мүшесі өлтірілді

Омбыда Дианов көшесінің бойындағы үй ауласынан Сібірдің үш дүркін чемпионы, Ресей құрамасының мүшесі, «Алтын қолғап» халықаралық жарыстарының жеңімпазы Иван Климовтың мәйіті табылды.

  • 25 Қараша 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Алдын ала анықталғандай, белгісіз біреулер И.Климовтың өмірлік маңызы бар органдарына қасақана пышақ салған. 24 жастағы спортшы оқиға орнында көз жұмды.

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, атақты боксшы көлігінің доңғалақтарын әлдекімдер әдейі жарып, оның сыртқа шығуын күтіп тұрған. Дайындалып келген бұзақылар оның жүрегіне пышақ сұғып, бауыздап кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.