ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған винтовка табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған винтовка табылды

ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған винтовка табылды

Өткен ғасырдан жеткен жәдігер! Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде кеңес әскерлері қолданған Мосин винтовкасы табылды. 120 жылдан астам тарихы бар қаруды ауыл тұрғыны Моңғолиядан елге оралғанда ала келіпті.

  • 27 Қараша 2013
  • 271
Фото - Caravan.kz


Қаруды қабылдап алған полицейлер көне мылтықтың құндылығын ескеріп, оны мекеменің мұражайына өткізуді ұйғарған.  Қызыққандары шүріппесін басып, жарамдылығын да тексеріп көріпті. Кеңес-жапон соғысында мергендер қолданған, ал фашистермен күрес кезінде солдаттардың қосалқы қаруы болған көне винтовкаға арналған оқ-дәрілер әлі сатылады екен. Оны дер кезінде тәртіп сақшыларына тапсырған азамат 60 мың теңге көлемінде сыйақы алатын болды. Естеріңізге сала кетейік, қолдағы атыс қаруларын қабылдап жатқан бұл акция осы аптаның соңында аяқталады.