Бұл туралы Ақордада мемлекет басшысына есеп берген Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының президенті Асқар Мәмин мәлімдеді. Оның жоспары ауқымды. Мақтанышпен айтқан жобаларының бірі Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желісі. Ол келер жылы қолданысқа берілмекші. Ал 3 жылдан соң Қазақстан өңірлік көлік-логистика хабы ретінде қалыптаспақ. Сондай-ақ бүгін Елбасының қабылдауында Қорғаныс істер министрі Әділбек Жақсыбеков болды. Ол Қарулы Күштердің бас қолбасшысын тындырған істерімен таныстырып әскердегі ахуалды баяндады.