Каспийде атыс болып, 1 адам оққа ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде атыс болып, 1 адам оққа ұшты

Каспийде атыс болып, 1 адам оққа ұшты

Браконьерлер Каспийдің балығына қырғидай тиюін қояр емес.  Ал теңіздің қазақстандық бөлігіне заңсыз кіргендерді құрықтаудың соңы тағы атысқа ұласты.  

  • 27 Қараша 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz


Тікұшақтан атылған оқ катерлерімен қаша жөнелген браконьердің біріне тиіп, ол сол жерде қаза тапты. Екіншісі аяғынан ауыр жараланды. Себебі 8 адамнан құралған топ шекарашылардың өз еркімен берілу туралы өтінішін елемеген. Рұқсатсыз балық аулаушылардың барлығы Ресей азаматтары. Екеуі бұған дейін Каспий теңгізінің Қазақстандық аумағына заңсыз еніп жақында ғана абықтадын босап шыққан екен. Енді сыбайластарымен бірге қайта темір торға жабылатын болады.