Қазақстандағы халықаралық саятшылыққа он екі елдiң бүркітшілерi қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы халықаралық саятшылыққа он екі елдiң бүркітшілерi қатысады

Қазақстандағы халықаралық саятшылыққа он екі елдiң бүркітшілерi қатысады

Қазақстанда 28-30 қараша Ақмола облысы Целиноград ауданы Малотимофеевка ауылы «Бал Қарағай» демалыс орнында өтетiн халықаралық саятшылыққа әлемнің он екі елінен бүркітшілер келедi. Бұл туралы kazaitys.kz сайты хабарлады.

  • 27 Қараша 2013
  • 582
Фото - Caravan.kz


ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін Бүркітшілердің халықаралық І фестивалі еліміздің тарихында тұңғыш рет өткелі отыр.

2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әр түрлі турнирлер өтіп келеді. Бұл жолғы жарыс Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Венгрия, Чехия қатарлы он екі елдегі бүркітшілердің қатысуымен өтпек.