Қазақстан және Ресейдің ғарыш ведомстволарының басшылары Астанада кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресейдің ғарыш ведомстволарының басшылары Астанада кездесті

Қазақстан және Ресейдің ғарыш ведомстволарының басшылары Астанада кездесті

Бүгін Қазақстан астанасына ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің (ҰҒА) төрағасы Талғат Мұсабаевтың шақыруы бойынша қысқа мерзімді сапармен Ресей Федерациясы Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Олег Остапенко келді.

  • 27 Қараша 2013
  • 603
Фото - Caravan.kz

Қазғарыш мекемесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан және Ресейдің ғарыш ведомстволары басшыларының кездесуі Қазғарыш және Роскосмос мекемесінің басшылық құрамының қатысуымен өтті.

Байқоңырдан Астанаға арнайы рейспен келген Ресей делегациясын қарсы ала отырып, Талғат Мұсабаев Олег Остапенконы бүгін түнде Байқоңыр ғарыш айлағында өткен «Прогресс М-21М» көліктік жүк кемесін ойдағыдай ұшыруымен құттықтады.

Қазғарыш және Роскосмос мекемесінің басшылары тараптар мамандарының қатысуымен ғарыш агенттіктерінің әрі қарайғы ынтымақтастығы туралы бірқатар мәселелерді қарастырды.

Атап айтқанда, «KazSat-3» байланыс және хабар тарату спутнигін 2014 жылы іске қосу мәселесі талқыланды. Сарапшылар Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жобасын іске асыру барысы жөнінде ақпарат алмасты. Сондай-ақ «Днепр» бағдарламасының келешегі және келесі жылы Жерді қашықтықтан зондылаудың «KazEoSat-1» орта кеңістіктік қазақстандық спутнигін іске қосу туралы да әңгіме өрбіді.


Тараптар 2030 жылға дейін Қазғарыш және Роскосмос мекемелері арасындағы әрі қарайғы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу туралы, соның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келісімге келді.

Келіссөз қорытындылары бойынша Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев және Роскосмос мекемесінің басшысы Олег Остапенко Астанада өткен жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойды.