Алматыда 11 колледждің қызметі тоқтатылды - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 11 колледждің қызметі тоқтатылды - прокуратура

Алматыда 11 колледждің қызметі тоқтатылды - прокуратура

Алматыда техникалық және кәсіби білім беретін 11 мекеменің қызметі тоқтатылды, деп хабарлады қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.

  • 27 Қараша 2013
  • 370
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, Алматының Бостандық ауданының прокуратурасы жүргізген тексеруге қарағанда, онда білім беру, лизензия заңдарының бұзылғандығы анықталған.

"Прокурорлық елеу актілерін қарау нәтижесінде әкімшілік жауапқа 11 жеке меншік колледж тартылды, анықталған бұзушылықтар жөнделгенше олардың мемлекеттік лицензиясының күші алты айға тоқтатылады және олар айыппұл төлейді", делінген онда.

Ақпаратта атап өтілгендей, салынған айыппұлдың көлемі 2,8 млн теңгеге жеткен.