Жобаны жүзеге асыруға 1 млн 879 мың теңге жұмсалды, оның басты мақсаты Қазақстанда тұрып жатқан бүкіл этностардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап қалу", деді Алматы қаласы бойынша "Болашақ" корпоративті қорының директоры Баян Болат сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Басында біз этномәдени бірлестіктер туралы мәліметтер жинақталған жай база құруды жоспарлаған болатынбыз, артынан ұлттық киімдердің эскиздері деген идея туындады. Біздің жоба елімізде этностардың құндылықтарын сақтап қалуға ықпал етуге бағытталған", деді ол.
Эскиздерді құруға ойын киносының жоғары санаттағы суретші-қоюшысы Өмірзақ Шманов шақырылды. Ол киім үлгілерінің бөліктерін түгелдей қолмен салып шықты. Болашақта базаға әйелдердің де киім үлгілерін енгізу көзделген. "Бұл жұмысқа аса ұқыпты қараған жөн. Мәселен, белдеуді алып қаралық, оның түсі не қуанышты, не қайғыны білдіруі ықтимал. Халық Ассамблеясымен жұмыс істедік, әркім өз үлесін қосты", деді Ө.Шманов.
Болашақта электронды базаны мектептерге, кітапханаларға таратып беру көзделген.
Сонымен қатар, осы электронды база негізінде "Бiздi бiлiп қой" ұялы қосымшасы жасалуда, ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болмақ. Бұл смартфондарға арналған бірінші ойын, соның арқасында оны пайдаланушылар Қазақстанда тұрып жатқан этностар туралы хабардар болады.