Алматының табиғи ресурстар басқармасы Мэлс Елеусізовтен 15 млн теңге өндіріп алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының табиғи ресурстар басқармасы Мэлс Елеусізовтен 15 млн теңге өндіріп алмақ

Алматының табиғи ресурстар басқармасы Мэлс Елеусізовтен 15 млн теңге өндіріп алмақ

Алматының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстанда танымал экология қорғаушысы, "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтен ағаштарды кесіп алу туралы жалған ақпарат таратқандығы үшін 15 млн теңге өндіріп алмақ.

  • 27 Қараша 2013
  • 3300
Фото - Caravan.kz

"Біз моральдық шығынды өтеу туралы арыз бердік, бүгін алдын-ала тыңдау болды. Судья М.Елеусізов таратқан ақпаратты тексеруге алды", деді "Интерфакс-Қазақстанға" сәрсенбіде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Алтай Рахымбетов.

М.Елеусізов таратқан ақпаратқа қарағанда, кесілген ағаштар отын үшін гранула жасайтын кәсіпорынға өткізілген-мыс. А.Рахымбетовтың айтуынша, қалада ағаш кесу емес, жасыл қорды жасарту шаралары жүргізіліп отыр.

Оның ақпаратына қарағанда, Алматыда күзде ғана 11 мың ағаш отырғызылыпты.


М.Елеусізов болса сотта жауап беруге дайын екендігін мәлімдеген болатын.