Қазақстан президенті Астана айналасында 30 шақырым аумақта жер телімін беруге мораторий жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Астана айналасында 30 шақырым аумақта жер телімін беруге мораторий жариялады

Қазақстан президенті Астана айналасында 30 шақырым аумақта жер телімін беруге мораторий жариялады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана айналасында 30 шақырым аумақта пайдалануға жер телімдерін беруге тыйым салды.

  • 27 Қараша 2013
  • 545
Фото - Caravan.kz

"Астана айналасындағы жер жүйесіз игерілуде. Онда тұрып жатқан халықтың саны 2015 жылға белгіленген болжамнан да асып кеткен. Қазір онда 156 мың адам тұрып жатыр, жер телімін алуға тағы 175 мың адам арыз берген. Азаматтар он соттық жер алуға құқықтары болғандықтан, арыз беріп жатыр. Бірақ жер телімдерін коммуникациялары бар жерде ғана беруге болады. Жер дайын болмаса, пайдалануға беруге болмайды. Мұнда тәртіп орнату керек. Сол себепті Астана айналасында 30 шақырым аумақта пайдалануға жер телімдерін беруге мораторий жариялаймын", деді Н.Назарбаев сәрсенбіде Астананы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында.

Президент сөздері баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.