Безбүйрек ана «сауда жасап келемін» деп, балаларын көршілеріне үш күнге қарай тұруға өтініпті. Содан қайтып оралмаған. Кейін көршісі телефон соққанда ол әр түрлі сылтау айтқан көрінеді. Ақыры әйелдің келмесін түсінген қария бүлдіршіндерді бейімдеу орталығына өткізген. 3 жасар Шолпан қазір жарты айдан бері осы орталықта жатыр. Анасын аңсаған қамкөңіл қыздың мінезі бұрынғыдай емес тұйықтау. Ал інісі Сұлтан болса суық тиіп ауруханаға түскен.Енді анасынан мүлде хабар болмаса тірі жетімдер балалар үйіне жіберілетін болады. Дегенмен ес біліп қалған үлкен қыз анасының келетініне әлі үмітті.
Гүлжан Қойбағарова, дәрігер –педиатр:
— Алғашқы келген кезде балаға кішкене суық тиіп, суықтап келгені бар еді. Қазір бәрі жақсы, жазылды. Ақыл есі 1 жас шамасындағы баланың жасына сай келеді. Бала стол жағалап жүреді. Тәй-тәй тұрады.