Білім министрлігі "е-learning" бағдарламасын тоқтатпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі "е-learning" бағдарламасын тоқтатпайды

Білім министрлігі "е-learning" бағдарламасын тоқтатпайды

Жөнді жұмыс істемей жатса да бұл "е-learning"- тен Білім министрлігі бас тартпайды! Тіпті оны әлем мойындаған тың технологияға балап мақтауын асырып жатыр.

  • 28 Қараша 2013
  • 323
Фото - Caravan.kz

Бірақ электронды оқыту жүйесін балалар тұрмақ мұғалімдердің өздері үйрене алмай дал болуда. Оның шикілігіне қарамастан министрлік алған бетінен қайтпақ емес. «е-learning" бағдарламасымен еліміздегі барлық мектепті жаппай жабдықтай бермекші. Компьютер алу мен білім ордаларын ғаламторға қосу үшін биыл қазынадан 13 млд теңге бөлініп те қойған. Ал осы бағдарламаны іске асыруға атсалысқан мердігер компанияның өзі Білім министрлігінен 10 млд теңге ақшасын ала алмай жүр. Еліміздің бас мұғалімі "е-learning" толық іске қосылған кезде ғана толық есептесеміз деп отыр.


Аслан Сәрінжіпов, Білім және ғылым министрі:

— «е-learning» бағдарлама жүрсе, жөнді жұмыс істесе мұғалімдер мен оқушылар сол жүйені пайдалана білсе біз ақшаны төлейміз. Бізде сондай келісім бар.