М.Әблязов ақыры қарызын қайтаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М.Әблязов ақыры қарызын қайтаратын болды

М.Әблязов ақыры қарызын қайтаратын болды

Қашқын қаржыгер Мұхтар Әблязов ақыры қарызын қайтаратын болды. Бүгін Англияның Жоғарғы соты оны БТА банкке 400 миллион доллар өтеп беруге міндеттеп шешім шығарды. Дәурені жүріп тұрған кезде банкир шетелдік компанияларға инвестиция салған боп қыруар қаржыны өз қалтасына басқан.

  • 28 Қараша 2013
  • 278
Фото - Caravan.kz

Қашқын олигархтың өзі биыл шілдеде Францияда құрықталған болатын. Қазақстан, Ресей, Украина банкирді өздеріне алдырып соттауға бел шешіп отыр. Бірақ оның қай елде жазасын өтейтіні 5 желтоқсандағы сот процесінде шешілмек. Әзірге Франция абақтысында қамауда жатқан Әблязовты Англияның Жоғарғы соты БТА банкке 400 миллион доллар өтеп беруге міндеттеді. Ал Әблязовтың қолына кісен салынғанға дейін Италияда оның жұбайы Алма Шалабаева мен кенже қызы ұсталып, Қазақстанға жеткізілген болатын. Шалабаева 2012 жылы Атырауда өзіне және тағы бірнеше сыбайласына заңсыз төлқұжат жасатқан деп айыптауда. Ал адвокаттары болса, оның депортациялануы да, қозғалған қылмыстық істе заңды белден басу деп отыр.


Инесса Кисилева, Алма Шалабаеваның адвокаты:

— Алма Шалабаеваны айыптауға негіз болып отырған заңсыз төлқұжаттар қылмыстық істе мүлдем жоқ. Олар қайда, кімнің қолында екенін тергеу мүлдем анықтамаған. Және де Шалабаева 2009 жылдан бері Қазақстанға келмеген, яғни ол 2012 жылы жасалған заңсыз құжатқа тапсырыс беруі немесе оны пайдалануы мүмкін емес.