Бүркітшілердің халықаралық фестивалі: Бұл жолы бүркіттер қасқырға түспек - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүркітшілердің халықаралық фестивалі: Бұл жолы бүркіттер қасқырға түспек

Бүркітшілердің халықаралық фестивалі: Бұл жолы бүркіттер қасқырға түспек

28-30 қараша күндері Ақмола облысы, Малотимофеевка кентінің жанындағы «Бал қарағай» демалыс орнында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының ұйымдастыруымен Бүркітшілердің халықаралық І-ші фестивалі өтеді.

  • 28 Қараша 2013
  • 544
Фото - Caravan.kz


Оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Түркіменстан, Венгрия, Чехия қатарлы он екі елдің бүркітшілері қатысады, деп хабарлайды kazaitys. kz. Бүркітшілердің фестивалі еліміздің тарихында тұңғыш рет өткелі отыр. Жаңашылдығы сол — бұл жолы бүркіттер қасқырға түседі.

2004 жылы «Бүркітші» федерациясы құрылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді. Содан бері Күнтізбелік жоспарға сәйкес «Салбурын», «Саят», «Қансонар», «Бүркітшілердің Республикалық чемпионаты» жарыстары мен әртүрлі турнирлер өтіп келеді.

Перейти к новостям спорта