Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.4
  • 539.39
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады

Әңгімелесу барысында Президент қазақ-британ көпжоспарлы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты негізгі міндеттерді айқындады.

  • 28 Шiлде
  • 1
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ энергетика, көлік, инновация және білім салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруды тапсырды.