Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 2024 жылдың соңында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданғанын еске салды.
«Ұлттық жобаның негізгі мақсаты инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендету, энергиямен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады. 2025 жылы жобаны іске асырудың институционалдық негізі толығымен қалыптасты. Бұл бағытта бюджет, Құрылыс және Өңірлік даму саласында қажетті заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұдан басқа, ұлттық жобаны іске асыру үшін электрондық платформа пайдалануға берілді. Ұлттық жобаны іске асырумен 247 табиғи монополия субъектісі қамтылды», – деді Дарбаев.
Оның айтуынша, 2029 жылға қарай 70 коммуналдық кәсіпорынды жоғары қауіпті дағдарыс аймағынан шығару жоспарлануда, бұл ретте тұрақты инфрақұрылымы бар кәсіпорындардың үлесі шамамен үштен екісін құрауы тиіс.
Ұлттық жобаны іске асыруға 2025-2029 жылдары инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгені құрайды, оның 6,8 трлн теңгесін коммуналдық секторға, ал 6,2 трлн теңгесін энергетика секторына бағыттау жоспарлануда.
«Осы қаражат есебінен 84 мың шақырым инженерлік желілер жөнделіп, жаңғыртылады, жалпы қуаты 7 309 МВт энергия көздері пайдалануға беріледі, сондай-ақ 27 генерациялау объектілері салынып, жаңғыртылады. Нәтижесінде ел бойынша инженерлік инфрақұрылымның орташа тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендейді деп күтілуде, ал нысандардағы апат деңгейі 25%-ға қысқарады»,- деп толықтырды вице-министр.